Қазақстан үкіметі бюджет тапшылығының салдарынан Ұлттық қордан қаржы алмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.
Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.
«Қосымша трансфер қазір есептелініп жатыр. Бұл – 1,5 триллион мен 2 триллион теңгенің арасында. Бұл – менің сарапшылық бағамым. Қазір, бәлкім, бұл туралы айту дұрыс емес шығар», – деді Азамат Әмрин Мәжіліс дәлізінде.Вице-министрдің айтынша, Ұлттық қордан қосымша трансфердің нақты саны қыркүйек айының соңында белгілі болмақ.
«Биылғы сегіз айда мемлекеттік бюджет кірісі 94%-ға орындалды, бірақ республикалық бюджеттің кірісі 84%-ға дейін төмендеген», – еді вице-министр.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық қор бюджетті қаржыландыру үшін «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын 467,4 млрд теңгеге сатып алмақ
