Астанада көшпенділер ойындары кезінде Қазақстан мен Қырғызстан спортшылары арасында төбелес шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Көкпар барысында шыққан жанжалдың салдарынан матч уақытша тоқтатылған.
Бірінші таймның 13-минутында есеп 3:1 болды.
БАҚ хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ұлан Байтореев қырғызстандық ойыншы Кубанычбек Султануулуға камшымен соққы жасаған. Артынша оқиғаға байланысты төбелес басталған. Көрші елден келген қонақтар «Қазақстан, ұят!» деп айқайлап, қарсылық танытыпты.
Ойын барысында Қазақстан құрамасы алға шығып, есепті 4:3-ке көтерді.
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ кедендік бақылау қызметі заңсыз өтпек болғандар арасында Азия және Африка азаматтары көп екенін айтады.
