Жетісу облысында демалыс үйі өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы демалыс үйі өртенді», - делінген хабарламада.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттен алты газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды. Өрт 75 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
"Семей орманы" мекемесінде дәл қазір басшы жоқ. Өйтеміз-бүйтеміз деп ауызбен орақ орып жүргенде 14 отбасы аңырап қалды.