Қырғыздың атақты балуаны Айсұлу Тыныбекова Париж Олимпиадасында қолаға ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Спортшы үшінші орын үшін белдесуде Моңғолия спортшысымен күресіп, қарсыласын жеңді.
Ойынның алғашқы бөлігінде моңғолиялық спортшы басым болды. Алайда қырғыз спортшысы да есе жібермеді. Ол соңғы 20 секундта 4 ұпайды иеленді.
Спортшы Айсұлу Тыныбекова Париж Олимпиадасында Қырғызстан құрамасының қоржынына 5-ші жүлдені салды.
Ұқсас жаңалықтар
“Қазақстанға қашпақ болған”: Қырғыстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін өлімші етіп соққыға жыққан екі күдікті ұсталды