Шығыс Қазақстан облысында екі жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТЖМ баспасөзіне сілтеп.
Оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарын ауылында орын алды.
Министрлік ата-аналарға ескерту жасап, балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Москит торлары құлаудан қорғамайды;
- Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз, делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да апатты жоюға арналған құрал-жабдықтарды сатып алуға 960 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді
