Астанада жаңа салынып жатқан мектепте өрт шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Астанада Есіл ауданындағы жаңадан салынған мектептердің бірінде корпустан өрт шықты. Өрт 40 шаршы метр аумақта қоңырау түскен сәттен бастап 20 минут ішінде сөндірілді», - делінген сенбі күні хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
Астанадағы Есіл ауданын безендіру үшін 848 миллион теңгені Көлгінов кезіндегі тұрақты жеңімпаз жеңіп алды
