Ақтау іргесіндегі Ақшұқыр ауылы маңында болған жол көлік оқиғасы салдарынан екі бала қаза тауып, біреуі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы "Лада"-ға сілтеп.
«Оқиға кезінде көлікте төрт мектеп оқушысы болған. Апат салдарынан 2008 және 2009 жылы туған екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты», - делінген сенбі күні таратқан хабарламада.
Белгілі болғандай, аман қалғандар медициналық көмекке мұқтаж.
«Бір жәбірленушінің жағдайы ауыр реанимацияда жатыр, екіншісі ауруханаға жатқызуды қажет етпеді және үйіне жіберілді», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жаз шыққаннан қара суық түскенше пойызға билет жоқ. Индрайвер таксидің кесірінен онсыз да аз қазақ бейбіт күнде қырылып бітетін болдық.
"Ата-анасы жақында келеді деп ойлайды". Автобус апатынан қайтыс болған ерлі-зайыптыны жерлеу рәсімі өтті
