Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
20 мамырда Астана уақытымен сағат 10:10-да сейсмикалық стансалар желісі эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,9. MPV магнитудасы 5,7.
Алматыда жер сілкінісінің күші 2 баллды құраған. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр.