Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі турнирде жеңілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Спортшы АҚШ-тағ WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында қарсыласынан 5:7, 3:6 есебімен екі сетте жеңілді.
Қазақстандық спортшы жарыстың ақтық сынында WTA рейтингінде 53-орында тұрған америкалық Даниэль Коллинзпен кездесті.
Еске сала кетейік, спортшы былтыр да турнирде финалға дейін жетіп, соңғы ойында чехиялық теннисшіге есе жіберген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ынтымақтастық мысалдары Варшавадағы ЕҚЫҰ конференциясында ұсынылды
