Абай облысында көлік аударылып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Бесқарағай ауданында Семей-Павлодар тас жолында болған.
17 наурызына қараған түні тас жолда көлік аударылып, 4 зардап шеккен. Трассалық медициналық құтқару пунктіне көмекке мұқтаж адамдар бар екені хабарланды.
Түрлі жарақат алғандар Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
"Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес". Президент бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан МӘМС жүйесін сынады
