Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
18 ақпанға қараған түні болған қатты шу көршілердің зәресін ұшырған. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары қирап қалған.
Облыстық ТЖД №2 пәтерден 5 адам өз бетінше сыртқа шығып үлгергенін айтады. Қашып үлгергендердің екеуі бала.
ТЖД күшімен үйінді астынан үй иесі құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.
ТЖД мәліметінше №1 пәтер тұрғындары тұрмыстық газ баллонын пайдаланылғаны анықталған.
Қазір 1966 жылы туған ер адам және 2008 жылы туған қыз ауруханаға жатқызылды.
Ұқсас жаңалықтар
Әкім аппараты Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Хабарландыру Қарағанды облысында АӨК саласында 30 жоба жүзеге асырылуда