Мәди Такиев Мәжіліс депутаты қызметінен кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды.
Ақпанның 6-сы күні экс-депутат жаңартылған Үкімет құрамында Қаржы министрі қызметіне тағайындалған болатын.
Су жаңа министр журналистерден жалақысын да жасырмай, ашықтық танытты.
"Иә, жалақы мөлшерімен танысып, білдім. Бізде барлық мемлекеттік қызметкерге бірыңғай жалақы кестесі бар. Сол кестеге сай еңбекақымды аламын. Бір жарым млн теңгеден асады, менің еңбек өтілімді қосқанда", - деп жауап берді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Шекараға дейін және одан кейін мұнай бағасы басқа. Депутат премьерге қарайды, премьер қайда қарайды?
Мәжіліс спикері: Әлемдегі геосаяси ахуал мың құбылып тұрғанына қарамастан, түркі елдері дамудың даңғыл жолынан жаңылған жоқ
