Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазақстанның жаңа премьер-министрі Олжас Бектенов парламентшілерге қолдаулары үшін алғыс айтты. Олжас Бектенов 2024 жылдың 6 ақпанында Қазақстанның жаңа премьер-министрі болды. Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына өз кандидатурасын ұсынды. Бектеновтың кандидатурасын 69 мәжілісмен қолдап, дауыс берді.“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына салынатын инвестициялар ағынын ұлғайту жөніндегі шараларды талқылады
