Танымал медиаменеджер Абылайхан Камаладиннің айтуынша, блогерлерге мұсылмандық өмір салтын насихаттап, исламды қабылдағаны үшін ай сайын 9 миллион теңгеге дейін қаржы ұсынылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BES media YouTube-арнасына сілтеме жасап.
Qamaladin Media медиа агенттігінің негізін қалаушы Абылайхан Камаладин YouTube арнасында Арман Абдоллаға берген сұхбатында қазақ блогерлеріне исламды насихаттағаны үшін қалай ақша ұсынғанын айтып берді. “Кейбір блогерлер келіп: “Оларға ай сайын діни өмір салтын көрсету және сол арқылы Исламды шынайы қабылдау туралы ұсыныс түскенін айтты”, - дейді Камаладин.Айтуынша, блогерлерге айына шамамен 10-20 мың доллар ұсынылып отырған.
”Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
«Әркім белгісіз оқу орындарына барып діни білім ала беретін болса, радикализммен күрес тоқтамақ емес»
"Жастар мешітте бұзылып жатыр". Сарыағаштық тұрғын балалардың мектепке емес, мешітке асығатынын айтты
