Қазіргі уақытта Эквадорда тұрақты негізде тұратын 7 Қазақстан азаматы бар, барлығы консулдық есепте. Олардан басқа бұл елге турист ретінде барған 3 адамнан тұратын қазақстандық отбасы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Консул олардың барлығымен хабарласып, тікелей байланыс орнатты, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы тиісті нұсқаулық берді. Зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ», - деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Айта кетейік, Эквадорда қарулы қақтығыс басталғанын хабарлаған едік.
Ұқсас жаңалықтар
Кем дегенде 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланды. Қазақстан хуситтердің Сауд Арабиясына шабуылын айыптады
