ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшердегі есірткі тасымалдау, сатумен айналысты деген күдікті топ қатысушылары әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
2023 жылы қазанда Қордай, Меркі және Шу аудандарында 36 келі гашиш және 12 келі марихуана сатпақ болған кезінде Қазақстанның 3 азаматы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
«Адырна» ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
«Базадан дерек жою – үйреншікті жағдай». Бас прокуроратура шулы мәлімдемеден соң Таразға тексеріс жіберді
