"Ирина Кайратовна" тобы концерт алдында кенеттен қайтыс болған мобилографтың отбасына көмек көрсететінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Ирина Кайратовна" лақап атымен танымал топтың жеке мобилографы Шахназ Жылқайдаров кенеттен қайтыс болды.
Қайғылы жағдайға байланысты топ 15 қазан күні Астанада жоспарланған концертті өткізуден бастартты. «Ирина Кайратовна» Instagram парақшасында Шахназдың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Мобилограф өлімінің нақты себебі туралы мәліметтері жоқ екенін атап өтті. Ұжым жігіттің отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін жеткізді.
Сондай-ақ, "Ирина Кайратовна" тобы Еуропаға гастролін Шахназды еске алуға арнайтынын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Донбассқа барып, соғысты қолдаған. Қазақстандықтар ресейлік әзілкештердің кешінің өтпеуін талап етуде
"Қазақ қыздарын Лободаның артына, Леслидің аяғына жығып бердіңдер!" - Алматыдағы концерт сынға ілікті (ВИДЕО)
