Астанада көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 08.31-де Байтұрсынов көшесінде болған.
«Mеrcedes-Benz» автокөлігі Байтұрсынұлы көшесімен Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан «Mazda» көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан «Mazda» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр»,—деді басқарма.
Ұқсас жаңалықтар
Ресейлік нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі: Басымды кесіп алса да бермеймін, машинамның алдында өлемін (ВИДЕО)
