БАР БОЛ, ОДАҚ!
Ей, Қазақстан Жазушылар одағы!
Мен сияқты алмас қылыш ақынды өлтіріп алып жерлегенің емес, өлімге бермегенің керек еді. Өліммен бетпе-бет келіп жатқанымда жағдайымды сұрауға да жарамадың ғой, сен. Қалың елдің дұға-тілегінің арқасында, Қазыбек Иса досымның парламент жақтан алаңдап, Горздравқа тапсырған сөзжәрдемінің арқасында ажал оғынан аман қалдым.
Ең болмаса ендігі күйің қалай деп сұрауға да жарамай жатқаныңа күйініп кеттім жәй. Сенің ақындарды жерлеуге ғана керек ұйым екеніңді осы жолы жүрегіммен ұқтым.
Бар бол, бар бол, әруақтардың Одағы!
Темірғали Көпбай
Ұқсас жаңалықтар
Құдайым-ау, неткен сәбеттік ностальгия бұл?! Ғылым академиясы қайтып тірілсе, Жазушылар одағына дені дұрыс басшы сайланса, қазақтар ғылым мен әдебиет салаларында Нобель сыйлығын қырып алады екен ғой.))