Қызылордалық 32 жастағы тұрғын 11 күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы жергілікті полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.Осыған байланысты Қызылорда қаласының полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері төмендегіше: бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242) 29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз, - деп жазылған ПБ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Әкесі Сарыағаштағы балақайдың өліміне полиция кінәлі деді. Алматыда бір бүлдіршін өгей шешесінің қолынан өлім құшты. Сот пен полицияны қайтадан құру керек сияқты!
Еңбек күні қарсаңында "Үлгілі елді мекен" облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 коммуналдық техника табысталды
