Қарағанды облысында жанып жатқан шахтадан қаза тапқан екі адамның денесі табылды. Ақпаратты облыс әкімдігі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тағы 3 кеншіні іздеу жалғасуда.
Еске салайық, 17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Казахстанская» шахтасында өрт шыққан болатын. Барлығы шахтада 227 адам болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылса, бесеуі жер астында қалды.
Алты адам ауруханаға жатқызылды, екеуі жансақтау бөлімінде.
Ұқсас жаңалықтар
Түс ауа министрлік 30 мың гектар алқап өртеніп жатқанын хабарлады. Ал NASA картасында кемі 44-45 мың гектар деп көрсетіп тұр.