Армения әскері Әзірбайжанды атқылады. Бұл туралы Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бүгін сағат 10.40 пен 11.00-дің арасында Арменияның Қарулы күштері Нахчыван Автономды Республикасының аумағын атқылады. Армения әскері Веди ауданының Араздейен селосынан Нахчыванның Садрак ауданының Гейдарабад елді мекеніне қарай оқ жаудырған, делінген хабарламада.
Әзірбайжан Республикасының шекарашылары арандатуға жауап беріп, қарулы шабуылдың бетін қайтарған.
Ұқсас жаңалықтар
Армения Ресейге ашық қарсылық көрсете бастады. Әйелін басшы етіп Украинаға гуманитарлық көмек жеткізетін делегация аттандырды.
