Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Телефонмен сөйлесу барысында Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.
Ал Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті.
Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
"Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес". Президент бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан МӘМС жүйесін сынады