Ыстамбұл орталығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ФИФА басшысы Джанни Инфантиномен түскен суреті пайда болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме көрсете отырып.
Ыстамбұл орталығындағы жарнама экранында Қазақстан Президенті мен Халықаралық футбол федерациясы басшысының Астанада өткен кездесуде түсірілген суреті пайда болды.
"ФИФА Қазақстанда футболдың дамуына көмектеседі", - деп түрік тілінде жазба жазылған.Еске салайық, 3 мамырда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен ФИФА басшысы Джанни Инфантино қазақстандық футболдың әлеуетін арттыру және жасөспірімдер спортын дамыту мәселелерін талқылаған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
“Ескі Қазақстанды” көгертпеген ескі әкімдер, “Жаңа Қазақстанды” жарылқайтынына сенбеймін - ақын Арман Бердалин
Заитов: "Қазақ тілі мемлекеттік тіл болады, ресми тілді алып тастаймыз" десе, Тоқаевқа арнап өлең жазамын!