Ақмола облысы Білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Хайрушев Жарас шетелдік 6 университеттің грантын ұтып алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Жарас АҚШ-тың 6 университетінің ( Widener university - 148000$; Michigan state university - 72000$; Arizona state university - 52000$,Loyola university Chicago - 84000$, Adelphi university - 100000$, George Mason university - 48000$ ) грант иегері атанды. Сондай-ақ АҚШ-тың және Канаданың 4 университетінен (Pennsylvania state university, University of Illinois Chicago, University of Toronto , University of Ottawa) арнайы шақырту алып отыр»,—деді облыстық Білім басқармасы.Жас түлек бала кезінен криминалист болуды армандайды. Бұл сала туралы түрлі фильм мен көркем әдебиетті оқып, болашақ мамандығы туралы ізденуді 7-сыныптан бастаған.
«Қазіргі қоғамда қылмыстың өршіп тұрғандығы және оның алдын алу жолдары қандай деген сауал Жарасты бей-жай қалдырмады. Ол осы мәселе төңірегінде үнемі ізденіп, түрлі әдебиеттер оқып, 2022-2023 оқу жылы “How do people get on the path murder and violence” деген тақырыпта адамдардың қылмысқа бару себебі жөнінде ғылыми зерттеу жоба жұмысын жазады. 2021-2022, 2022-2023 оқу жылы Жарас ағылшын тіліндегі республикалық дебат турнирлеріне қатысып, 1-орын иегері атанды. Сондай-ақ ағылышын тіліндегі “World scholars cup” халықаралық олимпиадасына қатысып, 5 алтын, 1 куміс медаль иеленді. Үздіксіз дайындық пен табандылығының нәтижесінде Жарас IELTS сынағын 7 балға, SAT емтиханын 1200 балға тапсырып, өзі арман еткен криминалист мамандығы бойынша шетелдің белді оқу орындарында заманауи білім алу мүмкіндігіне ие болды.Бұл, әрине, оқушы мен ата-анасы үшін үлкен қуаныш және оқушыларын білім шыңдарын бағындыруға талаптандырып отырған «Білім-инновация»лицей-интернатының табысты жеңісі деп білеміз»,—деп түйіндеді басқарма.
Ұқсас жаңалықтар
Барлық жерде оқуға құжат қабылдау жүріп жатыр ғой. Толық емес отбасыға бөлінетін жеңілдікке ие болу үшін әкеңнің немесе шешеңнің қайтқанына үш жыл толуы керек.
