Ауғанстанда бір топ әйел тәліптердің билігін мойындамауды талап етіп, наразылық акциясына шықты. Бұл туралы Euronews арнасына жариялады, деп хабарлайды *Адырна” тілшісі.
Кабулда (ел астанасы) наразылық шерулері өтті. Демонстрация БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша шақырылған халықаралық жиыны қарсаңында өтіп жатқаны атап өтілді. Қатысушылар 2021 жылы билікке келген Талибанға қарсылық танытты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, ауғандық әйелдердің оннан тоғызы зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Күйеуі нашақор болған немесе елден кеткен жағдайда ғана ажырасуға рұқсат етіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Депутатты сайлар кезде "Құтадғу білікті" оқыдың ба? Әділ заң туралы не дейді, заң салтанат құрған ел қандай болады деп сұрау керек!
