Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екінші қазақстандық өз еркімен полицияға берілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстағаны үшін 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы тағайындалған еді.
"Елшілік бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды және барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", – деді СІМ.
Естеріңізге салсақ, жексенбі күні таңғы сағат 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кетті. Екеуі автобустың терезесінен шығып, тікенді сым тартылған қоршаудан секіріп кеткен.
Ұқсас жаңалықтар
“14 пәтер, 1 миллиард теңге, Land Cruiser”. Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісі ұсталды
