Ақорда белгілі журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
“Сайлауда алаяқтық жасалуы әбден мүмкін”: Рауан Шаекин өзін Парламенттік сайлауға тіркемей отырғанын айтты
Әке сенің әр бір сөзің – ұлт үні: Дулат Ағаділдің ұлы Жанболаттың кісі қолынан қаза тапқанына тура бір жыл өтті