Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртай Ізбастинді Қазақстанның Болгариядағы өкілетті елшісі қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды»,—делінген хабарламада.Енді бұл міндетті Виктор Темірбаев атқаратын болады. Айта кетейік, Теміртай Ізбастин - Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастинаның күйеуі.
Ұқсас жаңалықтар
Өзін Қазақстанмен “жұбататын” Ресеймен жақындасу тым қауіпті – ЕАЭО жиынынан кейінгі саясаттанушы пікірі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес жылдық басшылығымен жасалған геосаяси, әлеуметтік және саяси реформаларына шолу