Ақтаулық блогер Махмуд Хикматов есімді азамат Қазақстанға деген сүйіспеншілігін ерекше түрде білдіруді жөн көрді. Ол инстаграм парақшасына видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Махмуд басына Қазақстанның туын салып, алдағы сайлаудың құрметіне «Сайлау» сөзін қырып жазған.
Осылайша, Махмуд Қазақстан халқын 20 қарашада өз кандидатына дауыс беруге және өз таңдауын жасауға шақырып, видео жолдады.
Видео блогердің оқырмандарына ұнап, жағымды пікір қалдыруда.”Бұл видеодан кейін қалай сайлауға бармауға болады?”,- деп жазған блогердің оқырмандары пікірге.
Ұқсас жаңалықтар
“Жұмыстан талап етуде”: референдумда дауыс беруге келген азамат жұмысына есеп беру үшін суретке түскенін айтты