Алматы қалалық ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы тұтас қазаққа күйе жаққан кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік, дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны жөніндегі ақпаратты растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz порталына сілтеме көрсетіп.
"Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасында Алматы қалалық полиция департаментінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелген іс бар", – деп жазды Zakon.kz.Сонымен қатар, полиция департаменті қылмыстық істің барысы прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін екенін атап өтті.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Ресей саясаткері: "Украина, Қазақ елі, Грузия... Империя құру үшін тыраштанған Ресейдің тас-талқаны шықты"
Ресейліктерге көмектесемін десеңіздер, бірінші бауырлас түркі ұлттарын паналатайық - Танакөз Толқынқызы