Әлеуметтік желіде қару, оқ-дәрі сақтайтын қойманың жарылғаны жайлы ақпар тарап жатыр. Жарылыс Украина шекарасынан 40 километр жерде орналасқан Белгород маңында болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Белгород маңындағы Октябрьский ауылында болған жарылыс жайлы губернатор Вячеслав Гладков хабарлады. Мәлімдемеде Ресей гвардиясының үш әскері жан тәсілім етіп, он төртінің жараланғаны көрсетілген.
Тергеу комитетінің мәліметінше оқ-дәрі мен қару сақтайтын қойманың жарылуына Украина әскерінің қойманы атқылауы себеп болған.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Ресейде саяси дағдарыс басталған сыңайлы... Ал Қазақстанға қалатыны — етек-жеңді жиып, шекараны қас-қақпай күзетіп отыру ғана...