АҚШ Президенті тактикалық тұрғыдан ядролық қару қолдануды тұтас адамзаттың жер шарындағы соңғы тұяқ серпуімен теңестірді. Джо Байден ядролық армагеддон [жойылудың алдындағы ақырғы соғыс] жайлы Демократиялық партияның сайлауалды кеңесінде айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Америка басшысының сөзінше, Путин ядролық қару қолдану жайлы қылжақтап отырған жоқ.
- Әлем Кариб дағдарысынан кейін бұрын-cоңды мұндай ядролық қару қатерімен бетпе-бет келмеген, - деді Джо Байден.Сонымен қатар, Джо Байден Путиннің ядролық қару арқылы Еуропаға сес көрсетуге тырысатындығын да мәлімдеді.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Біз бірге болсақ, әлем қауіпсіздеу болады. Сіздердің бір елдеріңізде бәлкім, таяуда болатын кездесуді асыға күтемін.