Дастан Сәтбаев «Вулверхэмптонға» қарсы матчта алаңға шықты

235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MluV0feCPtaMww8PUEu3jj2FV7uOVzYjb7bnOk7G.webp

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Бёрнли» сапында «Вулверхэмптонға» қарсы ойынға қатысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін футболшы «Челси» клубының тыйымына байланысты «Чарльтонға» қарсы кездесуді өткізіп алған еді.

18 жастағы шабуылшы матчты қосалқы құрамнан бастап, ойынның 61-минутында есеп 1:1 болған кезде алаңға шықты.

Flashscore порталы Сәтбаевтың ойынына 6,4 балл қойды. Футболшы қақпаға соққы жасамағанымен, тоғыз пас беріп, олардың барлығын дәл орындады.

Кездесудің 20-минутында Джейми Варди «Бёрнлиді» алға шығарды. Алайда 39-минутта Фер Лопес есепті теңестірді. Ал Сәтбаев алаңға шыққаннан кейін 10 минут өткенде Таванда Чирева «Вулверхэмптонға» жеңіс голын соғып, матч 2:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, «Бёрнли» 11 матчта бесінші рет жеңіліп, сегіз ұпаймен 24 команданың арасында 21-орында қалды.

Еске салайық, қазақстандық футболшы 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы кездесуде жарақат алып, бір айдан астам уақыт ойынға қатыспады. Ол 10 қазанда «Уотфордқа» қарсы жеңісті матчта алаңға қайта оралды.

Алайда 13 қазанда «Чарльтонға» қарсы кездесуде Сәтбаев тіпті матчқа өтінімге де енгізілмеді. Ойыннан кейін «Бёрнлидің» бас бапкері Ники Хайен «Челси» басшылығы футболшыны алаңға шығаруға рұқсат бермегенін айтқан.

«Бёрнли» келесі кездесуін 24 қазанда «Линкольн Ситиге» қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Пікірлер