Ташкенттегі Абай. Ақынның екінші ескерткіші ашылды

222
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gxVYGINdwc2aF8bzmWW7BnbWbMn39mRufi6klpPa.png

Фото: Видеодан алынған

Ташкент қаласында 15 қазан күні қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының екінші ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі хабарлады.

Елшіліктің әлеуметтік желідегі жазбасына сәйкес, бюстің ашылу рәсімі Қазақстанның 25 қазанда атап өтетін Республика күні қарсаңында өткен.

«Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Ташкентте ұлы Абайдың бюсті салтанатты түрде ашылды», – деп жазылған елшіліктің хабарламасында.

Айта кетейік, 2013 жылы Ташкент қаласында Абай Құнанбайұлының алғашқы ескерткіші ашылған.

Пікірлер