Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді. Бұл туралы 4 қазанда министрліктің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тексеру барысында генерал-майор Айдос Мырзахметов әскери бөлімдегі қызметтің ұйымдастырылуымен танысып, әскери қызметкерлердің орналасу және тұрмыс жағдайын бағалаған. Әсіресе казармалардың жай-күйі мен бөлім инфрақұрылымының жағдайына ерекше назар аударылған.
Сондай-ақ әскери қызметкерлердің күнделікті қызмет өткеруіне жасалған жағдайлар, тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелері және әскери нысандардың техникалық жағдайы зерделенген.
Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, әскери инфрақұрылымды одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілген.
Еске салайық, Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі қызметіне 27 қыркүйекте тағайындалған еді.
Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі әскери жағдайды жариялауға қатысқан офицерлерді қызметтен шеттетті
