Шешенстан басшысы Рамазан Қадыровқа Ресей президенті Путин армия генералы әскери атағын берді, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл туралы «Шешенстан бүгін» агенттігі хабарлады.
Бұған дейін Қадыров генерал-полковник шенінде болған. Жаңа атақ оған Грозныйда өткен рәсімде табысталды.
Қадыровқа шенді Ресей ұлттық гвардиясы әскерлерінің бас қолбасшысы Виктор Золотов тапсырды.
5 қазанда Рамазан Қадыров 50 жасқа толады.
Ұқсас жаңалықтар
