Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Олимпиада 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында өткен.
Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленген.
Қола медаль иегері:
• Шыңғыс Қарасаев - Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
Құрмет грамотасының иегерлері:
• Рамазан Бутантаев - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Аслан Әжібаев - Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
• Кирилл Тургумбаев - Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Осылайша Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.
Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік еткен.
Алматыдағы NIS оқушысы Даниал Султановты «Жасанды интеллект» ҰТБ арнайы бейініндегі жеңісі үшін Сбербанк Президенті Герман Греф құттықтады
