18 шілдеде Астана уақытымен сағат 02:09-да Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының таратқан мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Сейсмологтардың дерегіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі 53,36° солтүстік ендік пен 77,96° шығыс бойлығы координаттарында анықталған. Табиғи құбылыстың магнитудасы – 4,9, ал энергетикалық класы K=10,9 болған.
Қазір зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Құзырлы мамандар жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
