Баян Мақсатқызы Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

112
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eDQWXcBkQakIwVAeAcgSrMS13h5SXoaIQemwskGD.webp

Продюсер Баян Мақсатқызы Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады. Одан бөлек екі адамға арналған Түркияға 10 күндік демалысқа жолдама тарту етті. Қуанышты сәттің видеосын продюссер Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Баян Алагөзованың айтуынша, ол бұл сыйлықты осыдан 2,5 ай бұрын уәде еткен әрі оны Халық әртісінің талғамына сай етіп әзірлеп, барлық қажетті жиһаз бен тұрмыстық техниканы сатып алған.

"Біз сіздің бірден келіп, тұра беретіндей үй дайындауға тырыстық. Дизайнын өзім ойластырдым. Барлығы жайлы әрі тыныш атмосферада болғанын қаладым. Өзіңіз жақсы көретін хрусталь шамдарды арнайы таңдадық, сүйікті суретшім Ботагөз Ақанаеваның картинасын алдырдым. Бұл пәтерді екі ай бойы дайындадық”, - дейді продюсер.

Пәтерді аралап шыққан Меруерт Өтекешова мұндай сыйлық күтпегенін айтып, өз толғанысын жасыра алмады.

Үйді аралап болғаннан кейін Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға екі адамға арналған Түркияға 10 күндік демалысқа жолдама сыйлайтынын айтты. Өз кезегінде Халық әртісі Түркияға алғаш рет барғалы тұрғанын сыбырлай ұяла жеткізді.

"Шын ба" деп Өтекешованы құшақтай алған Алагөзова: "Сіз бұған әбден лайықсыз. Сіз – Халық әртісісіз, сондықтан өмірдің бар жақсысын көруге тиіссіз”, – деді.

Пікірлер