Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының Н тобындағы үшінші тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ойын нәтижесі бойынша Испания құрамасы топ жеңімпазы атанып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Уругвай жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.
Мексиканың Гвадалахара қаласындағы «Акрон» стадионында өткен кездесуде Испания Уругвайды 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды 42-минутта Алекс Баэна соқты. Осы жеңістің арқасында Испания құрамасы 7 ұпай жинап, топтағы бірінші орынды иеленді.
Ал Уругвай құрамасы үш ойыннан кейін небәрі 2 ұпай еншілеп, үшінші орынмен шектелді. Осылайша команда плей-офф кезеңіне өтпеді.
Топтағы екінші матч АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «NRG Stadium» аренасында өтті. Кабо-Верде мен Сауд Арабиясы құрамалары 0:0 есебімен тең түсті. Африкалық құрама 3 ұпаймен екінші орынға тұрақтап, турнирдің басты сенсацияларының біріне айналды.
Турнирде аутсайдер саналған Кабо-Верде Испаниядан, Уругвайдан және Сауд Арабиясынан жеңілмей, келесі кезеңге өтті.
Енді плей-офф кезеңінде Кабо-Верде қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасымен кездеседі.
Ал Сауд Арабиясы құрамасы үш матчта бір ғана ұпай жинап, топтық кезеңді соңғы орында аяқтап, әлем чемпионатымен қош айтысты.
