Тараз қаласындағы №40 гимназия аумағында 10-сынып оқушысы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114-бабының 3-бөлігі – «Абайсызда ауыр дене жарақатын келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.
БАҚ мәліметінше, жасөспірім мектеп ғимаратының сыртында орналасқан өрттен эвакуациялау баспалдағына шыққан. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларда оның қоршауда отырғаны, кейін тепе-теңдігін жоғалтып, құлап кеткені байқалады.
Оқиғадан кейін оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оған ми жарақаты, оң жақ сан сүйегі мен бұғана сүйегінің сынуы, сондай-ақ ішкі мүшелерінің зақымдануы диагнозын қойған. Қазіргі уақытта жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр деп бағалануда.
Әкесі Сарыағаштағы балақайдың өліміне полиция кінәлі деді. Алматыда бір бүлдіршін өгей шешесінің қолынан өлім құшты. Сот пен полицияны қайтадан құру керек сияқты!
