Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сараптама нәтижелері дайын болды. Бұл туралы бүгін, 30 сәуірде Сенат кулуарында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері аяқталуға жақын. Тергеушінің тағайындауымен сот-психиатриялық сараптама жүргіздік. Қазір оның нәтижелері алынды. Айыпталушы заң алдында ақыл-есі дұрыс тұлға ретінде жауап береді», – деді вице-министр.
Бұған дейін 21 жастағы бойжеткенді өлтірді деген күдіктінің мәжбүрлі психиатриялық емдеуге жіберілгені айтылған еді.
Еске салайық, Нұрай Серікбай 11 қаңтарда пышақ жарақатынан қаза болған еді.
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақстанда әділдік таба алмай, 3 баламмен балконнан секіріп кетуім керек пе?" - Президентке үндеу жолданды
