Жапонияда магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fgMx7JO9P1rWoNhqmu6q4nStztSP6lZWZpyIgPMc.webp

Жапониядағы Үлкен Токио агломерациясында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жерасты дүмпулерін тіпті ел астанасының тұрғындары да сезгені атап өтілді, алайда цунами қаупі туралы ескерту жарияланбаған. Сейсмикалық оқиғаның эпицентрі Ибараки префектурасында 50 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін Тывада магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Елді мекендерде жерасты дүмпулері сезілмеген.

 

Пікірлер