Алматыдағы Барахолка базарында тағы да өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, өрт ғимараттың шатырынан шыққан. Құтқарушылар өрттің ошақтарына жету үшін шатырды ашып жатыр. Сонымен қатар, өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жерден автокөліктер эвакуациялануда.
Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрттің қарқыны төмендетілген, ал оның нақты аумағы анықталып жатыр.
Бұл базардағы алғашқы өрт емес. Әр жылдары бұл жерде қоймалар мен сауда қатарлары өртеніп, кәсіпкерлерге үлкен шығын әкелген.
Ұқсас жаңалықтар
