Қазақстан үкіметі қашан таратылады?

158
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sez8imjD0f0Ok0MBgOIB3Nh7OiT0Y09Xa1xpBnGj.png

Қазақстан үкіметі Құрылтай сайлауларының соңында отставкаға кетеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жаңартылған Конституция жобасында бұл норма нақты көрсетілді. 69-бапқа сәйкес, үкімет премьер-министр басшылығымен жаңа парламент алдында отставкаға кетуге міндетті.

Кез келген министр өз еркімен президентке өтініш жасап, міндеттерін әрі қарай атқара алмайтынын хабарлай алады. 

Президент өтініш түскеннен кейін 10 күн ішінде шешім қабылдайды. Егер премьердің өтініші мақұлданса, бүкіл кабинеттің өкілеттігі тоқтатылады.

Яғни, премьердің қызметтен кетуі автоматты түрде үкімет мүшелерінің барлығының қызметтен кетуін білдіреді. 

Бұл норма билік құрылымында тұрақтылық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер