Канаданың Британдық Колумбия провинциясындағы Тамблер-Ридж орта мектебінде атыс болды. Шабуыл салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты. Бұл туралы Канаданың корольдік атты полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Global News басылымына сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген полицейлер мектеп ішінен алты адамның мәйітін тапқан. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Сонымен қатар полицияның болжамынша, оқиғамен байланысты басқа бір жерде тағы екі адамның денесі табылған. Ал шабуыл жасаушы өз-өзіне қол жұмсаған.
Өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат алған екі адам тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. Тағы шамамен 25 адам жергілікті медициналық орталықта жарақат бар-жоғын тексеруден өтіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
"Бұлар қазақша сөйлемейді, ҚР оқушылары емес, тұп-тура Ресей оқушыларынан аумайды" - Жарылқап Қалыбай