Мектеп директоры 2 оқу жылына ғана тағайындалуы қажет – Министр

164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/k2SVZjK9fz83gVKk09PhFPzr3HZC3liEwtC0hVOy.jpg

Қазақстанда мектеп директорлары енді екі жылға тағайындалып, жақсы нәтиже көрсетсе қызметі тағы екі жылға созылады. Бұл оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Мнистрдің айтуынша, Қазақстанда мектеп директорын 2 оқу жылға тағайындау, ал жұмысы жақсы болса, одан әрі 2 жылға ұзарту, бірақ 4 оқу жылынан асырмау қажет. Бұл ұсынысты жақын арада министрдің бұйрығы ретінде бекіту жоспарланып отыр. 

"Менің министр ретіндегі позициям бойынша, директор екі оқу жылына тағайындалуы тиіс. Содан соң, оның жұмысы жақсы болса, мектептегі білім сапасы жақсарса, балалардың білім деңгейі артса, қауіпсіздік пен мұғалімдердің біліктілігі мәселесі жақсарса, онда басшылардың қызметін тағы екі жылдық мерзімге ұзартуға болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Министрдің сөзінше, мұғалімдер тарапынан директордың озбырлығына қатысты біраз шағымдар түскен.

"Директор – білім беруді, оқу процесін ұйымдастырушы маман ғана. Бірақ, ол өзі де жақсы, білікті ұстаз болуы тиіс", – деді министрлік басшысы. 

Қазір елде мектеп директорлары 4 жылға тағайындалады. Бірақ мектептерде мектеп директорларының ротациясы жиі бола бермейді. 2021 жылы министрлік кейбір мектептерде директорлар 10 жылдан аса уақыт отырғанын мойындаған.

Пікірлер