165 есе артық. Досаевтың әйелі бір жылда 2,3 миллиард теңге табыс тапқан

341
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/m9FTrjOfXDTqJ8wilFm22yR6k96IvKpOqOvVEOEM.jpg

2024 жылы Алматының бұрынғы әкімі, қазіргі Президент әкімшілігінің басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың әйелі қыруар табыс тапқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Досаев бір жылда 14 миллион теңге тапса, оның жұбайы Гүлнәр Досаева 2,3 миллиард теңге табыс тапқан. Гүлнәр Досаеваның табысы Ерболат Досаевтың кірісінен 165 есе көп.

2025 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласын басқарған Ерболат Досаев 2024 жылы «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесіне де қосылған.

Одан бөлек, желіде ұлттық экономика министрі және вице-премьер Серік Жұманғариннің жұбайының 88 миллион теңге табыс тапқаны қызу талқыға түскен.

Бұл мәліметтер Президент әкімшілігі қызметкерлерінің 2024 жылғы кіріс декларацияларынан алынған.

Пікірлер