Солтүстікте Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері өмірден өтті

315
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ctJXcnZ9qSidg23HlLRdtaeYzsPsD4iv8EzgvxIr.webp

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Федор Васильевич Щеглов 98 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов 2026 жылғы 6 қаңтарда мәлімдеді.

Облыс әкімінің айтуынша, Федор Щегловтың 99 жасқа толуына санаулы күндер ғана қалған. Ол 17 жасында майданға аттанып, 371-атқыштар дивизиясының құрамында соғыстың соңына дейін ерлікпен шайқасқан. 

Әкім ардагер туралы естелігімен бөлісті.

«Ол мені әрдайым жылы жүзбен қарсы алып, әскери қызметі, жауынгерлік ерліктері және халық жадында мәңгі қалатын сол ауыр, бірақ қаһармандыққа толы күндер туралы естеліктерімен бөлісетін. Оның әңгімелері өмірлік даналыққа, рухтың мықтылығына және Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы еді. Біз үшін, облыс тұрғындары үшін Федор Васильевич әрдайым ерлік пен қайсарлықтың символы болып қала береді. Біз оның жарқын бейнесін сақтап, оны балаларымыз бен немерелерімізге жеткіземіз. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтамын. Федор Васильевичтің рухы пейіште шалқысын!» – деп түйіндеді облыс әкімі.

Пікірлер